Оқушылар он екінші мамырда серуенге шықты. Күн шайдай ашық. Қыздар гүл теріп жүр. Ұлдар доп ойнап жүр. Бір кезде шөптердің арасынан құстың даусы естілді. Балалар елең ете қалды. Қарасақ,бір топ құс екен. Біз оларға жем шаштық. Торғайлар енді жей бастап еді, бір қарға қарқ-қарқ етіп ұшып келді. Торғайлар пыр етіп ұшып кетті. Біз серуеннен көңілді қайттық.