Сабақтас құрмалас соилем оның түрлері

0 голосов
118 просмотров

Сабақтас құрмалас соилем оның түрлері


Қазақ тiлi (14 баллов) | 118 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай түрі

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді:

Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -сежұрнағы арқылы жасалады.Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде.Себеп бағыныңқылы сабақтас;Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді.Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін,мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын,қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді.Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі.

Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқылы түрі

Сабақтас құрмалас сөйлемның көп бағыныңқылы түрі де кездеседі, олар басыңқыға екі жағдайда қатысты болады:
Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы көп бағыныңқылар бірыңғай келіп, бәрі өз бетімен бір басыңқыға бағынады (бірыңғай бағыныңқылы сабақтас);Бағыныңқылар бір-біріне қатысты тізбектеледі де, бәрі жиналып бір басыңқыға бағынады (сатылы бағыныңқылы сабақтас).



(20 баллов)
0

брат можешь написать кратко только важное а так спасибо

0

Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі.
Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқылы түрі:
Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы көп бағыныңқылар бірыңғай келіп, бәрі өз бетімен бір басыңқыға бағынады (бірыңғай бағыныңқылы сабақтас);Бағыныңқылар бір-біріне қатысты тізбектеледі де, бәрі жиналып бір басыңқыға бағынады (сатылы бағыныңқылы сабақтас).