Жаңа оқу жылы.
Біз 1 қыркүйекте мектепке барамыз.Сыныптастарымызбен кездесеміз,сүйікті мұғалімімізді кездестіреміз. Жазда болған жағдайларды бір-бірімізге айтамыз. Жаңа оқу жылы басталғанда әр оқушы өзіне "жақсы оқимын" деген серт береді. Ата-аналарымызды жерге қаратпауға уәде береміз. Жаңа мұғалімдермен немесе жаңа оқушылармен танысамыз. Мектепте уақытты пайдалы да қызықты қылып өткіземіз. Әр оқушы, оқу жылын жақсы оқып бітіруге тырысады.