Фонетика тил дыбыстары ереже?

0 голосов
34 просмотров

Фонетика тил дыбыстары ереже?


Қазақ тiлi (39 баллов) | 34 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Фонетикалық заңдар — тілдің дыбыстық материясының қызметі мен дамуының заңдылықтары. Олар дыбыстық бірліктердің тұрақтылығын және үздіксіз болып отыратын өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркесуін реттеп отырады. Күнделікті сөйлеу процесінде болып отыратын құбылыстарды, аллофондық түрленулерді (варианттарды), дыбыстардың сөз құрамындағы позициялық алмасуларын тілдің дыбыстық материясының қызметіндегі заңдылыктар арқылы түсіндіруге болады. Аллофондық түрленулер көрші дыбыстардың әсеріне байланысты кез келген сөзде кездеседі.Мысалы, қазақ тіліндегі екі дауысты дыбыстың арасындағы қатаң дауыссыздың ұяңдауы (қап-қабы, тап-табу), көрші дыбыстардың бір-біріне икемделуі (ерінбеу—ерімбеу, сөзшең — сөшшең). Тіл дыбыстарының даму заңдылықтарына сай дыбыстардың қалыптасқан тарихи алмасулары үздіксіз болып отыратын позициялық өзгерістердің тарихи тұрақтануынын нәтижесі болып табылады.Мысалы: соқ — согым — сойу, семіз— семір, көз—көр, сөз — сөйле. "Фонетикалык заңдар" уғымын тіл біліміне жасграмматиктер енгізген. Олар Фонетикалық заңдарды бір тілдің диалектілеріндегі немесе тіл дамуынын әр түрлі кезеңіндегі (синхрондық күйіндегі) дыбыстардың үздіксіз сәйкесіп отыруынын формуласы деп есептеген. Фонетикалық өзгерістер тұрақты зандылықтар нәтижесінде болып отырады. Бірқатар фонетикалық өзгерістердің себебін тек тарихи тұрғыда түсіндіруге болады (маңдай — маңлай, көңіл — кеуіл, шоқ — чоқ, Шідерті — Шідерлі, Өлеңті— Өлеңді, Бұқтырма — Бүқтарма). Фонетикалық заңдардың барлық тілдерге тән түрлері де, тек белгілі бір туыс тілдерге тән түрлері де болады.

(22 баллов)