Составить небольшой рассказ ** каз.яз. про зиму

0 голосов
60 просмотров

Составить небольшой рассказ на каз.яз. про зиму


Қазақ тiлi (12 баллов) | 60 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Қысқы демалыстар келді .Олар (напишите когда начинаются)  желтоқсанында басталады,   (когда заканчиваются) қантарда аяқталады. Меніңше , қыс - демалу үшін ең жақсы кез. Өйткені маған аяз  , қар өте ұнайды. Қысқы демалыстарда  шаңғы , шана , коньки тебуге болады. Қысқы демалыстарда мен достарыммен далада ойнайдым , мұз айдынына бардым,  үйде теледиар көредін . жақсы демалдым. Мен  әке-шешеммен бірге  табиғатқа шығып демалғам , шаңғы , шана тепкем.  Маған қысқы демалыстар өте ұнады.

(3.0k баллов)
0 голосов

Қыс. Аяз. Қалың қар, үскірік, боран. Адам мен жануарларды қыспаққа алатын бұл мезгілдің өзіндік сұлулығы мен жақсылығы да бар. Тек соны көре білсең. Бойыңды сергітер, денеңді шымырлатар қыстың суығынан тазалық лебі еседі. Шынында да қыс — ең таза маусым. Жер бетін айқара жапқан ақ қар — тазалық символы.Әлемдегі ең табиғи ақ нәрсе — ақ қар. Сондықтан кейде адамдардың шынайы ақ ниетін жаңа жауған кіршіксіз ақ қарға теңеп жатады. Қыстың табиғаты — теңдессіз әсем көрініс. Айнала аппақ, көз жетер жердің бәрін алып ақ көрпемен қаптап қойғандай. Ақ жамылғы сонымен қатар қансонар кітабы тәрізді. Аң мен құстың іздері анық сайрап жатады. Аңшылар ізбен жазылған бұл кітапқа қарап із кеседі. Қар — береке. Қыста қар мол жауса, жазда егін мен шөп бітік шығады.

Бәрінен де қыстық ойындарды айтсаңшы! Шанамен сырғанап, шаңғы, коньки теуіп, қар атысып, аққала жасау ерекше қуанышқа бөлейді. Қыстың ызғарынан жасқанып үйде отырған баланы көрмейсің,бәрі де шаттана, мәз-мейрам сыртта ойнауда. Бұл әрі ойын, әрі балаларды шынықтырады, денсаулыққа да өте пайдалы. Мен өскен туған өлкемнің қысы да әсем. Күрті жазығында ақ көрпе жамылып, көсіліп жатқан кең дала. Халқымыздың пейілі қыстың күнгі ақ қардай кіршіксіз, таза бола бергей

(100 баллов)