Сочинение ** казахском языке ** тему зимняя одежда

0 голосов
49 просмотров

Сочинение на казахском языке на тему зимняя одежда


Қазақ тiлi (16 баллов) | 49 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр.Алматыдағы «Қазақстан» магазинінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапан, мәсі , бөрік, қамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің қазақтардың ұлттық мәдениеті.

 

Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі . Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі . Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі және етегі (кейде қайырмалы деп те айтады) . Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді . Сонда қалпақтың төбесі күмбезтәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі . Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді . Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді . Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр-қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүрАйыр қалпақЖарғақ шалбар

 

 

Тымақ

 

 

Саптама етік

 

 [Байпақ


Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін киізден тігетін аяқ киім. 

 

Бөрік

Қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі , оны бағалыаң терісінен және жас төлдің- етірісінен тігеді . 

 

[өңдеу]Мәсі Мәсі


Аяқ киімнің бір түрі , оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіснеластық (галош) киіледі. Көбінесе мәсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі.
Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім.Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. 

 

 

 

 

Шапан

Шапан


Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі . Оны қалың адам арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған

 

 

(342 баллов)