Перевод текста помогите пожалуйста.
Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі.
Ол, тегінде, тек бие сүтінен ашытылады.
Жаңа сауылған бие сүтін сүлгіден өткізіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағысаумалдың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, оның аузын байлап не тығындап қояды. Алғаш рет қымыз ашытарда бие сүті сабаға арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады. Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып сүттен, ол жоқ болғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді.
Сары қымыз дертке шипа, денеге күш.