Помогите поже написать сочинение ** казахском ** тему зимняя одежда 10 предложений только...

0 голосов
74 просмотров

Помогите поже написать сочинение на казахском на тему зимняя одежда 10 предложений только сразу на казахском


Қазақ тiлi (14 баллов) | 74 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.

Айыр қалпақ

Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде, негізінен, хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған.

Оқалы немесе зерлі шапа

Оқалы немесе зерлі шапан – қымбат матадан жағасы мен өңіріне зер салынып, арқасы мен етек-жеңі оқалы жіппен өрнектеліп тігілетін сырт киім. Арқасына күн тәріздес дөңгелек өрнек, өн бойына өсімдік тектес оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан-сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.

Жарғақ шалбар

Иленіп, әбден өнделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.

Тымақ

Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді.

Ішік

Ішік – сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім. Қолданылатын терісине қарай олар: түлкі ішік, қасқыр ішік, сеңсең ішік, нышпақ ішік деп әртүрлі аталады.


Саптама етік
Саптама етік – қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы.

Кимешек

Кимешек – жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігілдеді. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.

Камзол

Камзол шапанға қарағанда ықшам, қысқа, кобінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі. Салтанаттарға киілетін камзолдар аса қымбат маталардан белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленіп өрнектеледі.

Кебіс мәсі

Мәсі - өңделген жұқа теріден қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер сылынып тігілетін, мәсінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.

Бөрік

Бөрік – жеткіншектерден бастап, ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Ол етегін айналдыра қымбат тері күсіліп тігілген материалына қарай шошақ бөрік, үкілі бөрік, камшат бөрік сияқты түрлерге бөлінеді.

Тақия

Қазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия. Ол биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, жалпақ төбесіне үки тағылатын жеңіл бас киім. Айнала жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі. Оны жас қыздар үзатылғанға дейін киеді. Ұзатылған қыз – қыз ғумырдың белгісі – тақиясымен «сыңсу» айтып қоштасады.

(342 баллов)