Жол қозғалысын реттеу үшін келденең және тігінен орналасқан бағдаршамдар қолданылады.
Бағдаршамдарда жасыл, сары, қызыл және ай түстес ақшыл жарық сигналдары қолданылады.
Сигналдары тігінен орналасқан бағдаршамдарда қызыл түсжоғарыда орналасады, ал жасыл —теменде; сигналдар келденеңінен орналасқанда — қызыл сол жақта, жасыл — оң жақта орналасады.
Бағдаршам сигналдары белгілі мақсатында байланысты дөңгелек, бағыттаушы түрінде (керсеткіші), жаяу жүргінші немесе велосипед кескінінде және Х-үлгісінде болуы мүмкін.
Деңгелек сигналды бағдаршамдардың бір немесе екі, деңгелек жасыл сигналдың деңгейінде орналасқан жасыл бағыттаушы (керсеткіш) түріндегі сигналдары бар қосымша секциялары болуы мүмкін.
Бағдаршамның дөңгелек сигналдарының мынадай мәні бар: жасыл сигнал қозғалысқа рұқсатетеді;
жасыл жыпылықтаған сигнал қозғалысқа рұқсат етеді және оның қолданылу уақыты етіп барады және тыйым салатын сигнал іске қосылатындығын хабарлайды (жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жасыл сигналдың жануына дейін уақыт туралы секундпен хабар беретін сандықтабло қолданылуы мүмкін);
сары сигнал Ереженің 5.6-тармағында кезделгеннен басқа жағдайларда қозғалысқа тыйым салады және сигналдардың ауысқалы тұрғанын ескертеді;
сары жыпылықтаған сигнал бағдаршаммен реттелетін кеше қиылысын немесе жаяу жүргінші етпесін білдіреді, қауіптен-сақтандырады;
қызыл сигнал, оның ішінде жыпылықтайтыны, қозғалысқа тыйым салады. Қызыл және сары сигналдардың қосыла жануы қозғалысқа тыйым салады және жасыл сигнал жанғалы тұрғанынан хабар береді.
Қызыл, сары және жасыл түсті бағыттаушытүрінде орындалған бағдаршам сигналы тиісті түстердегі дөңгелек сигналмен бірдей мағыналас, бірақ олардың күші ба-ғыттаушы көрсеткен бағытқа (бағыттарға) ғана қолданылады. Мұндайда солға бұрылуға рұқсат беретін бағыттаушы, егер бұған тиісті жол белгісімен тыйым салынбаса, кері бұрылуға да рұқсат етеді.