Жастау кезінде Ресей империясының орталығына барып күш сынасқанда атағы айдай әлемге таралар ма еді.
Бірақ тек Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ел ес жиған соң Балуан атаның 140 жылдығы аталып ас беріліп, 2005 жылы Жамбыл облысы жұртшылығының күшімен сәулеткерлік өнердің үлгісіндей биіктігі жиырма метрге жуық стела, сегіз қырын бейнелейтін гранитті шағын төбе орнатылды.
өмір мен өнердің мәңгілік даусы.
Балуан Шолақ әндеріне оларды жадынан шығармай, таңдайынан тастамай жүрген халқымыз өз бағасын көп заманнан бері беріп келеді
Сөйлесе кетсе, алдырмайтын шешен, қасарысқан адамына мейірімсіз, досына қоң етін кесіп берсе, «е» демейтін шыдамды.
Жасөспірім Балуан үлкендердің «кәпір кәпірлігін істеп, бір жеріңді мертіктіріп жүрер, қой» дегеніне қарамастан белдесіп, түкті кеудені астына басады