Жери байдын ели бай

0 голосов
81 просмотров

Жери байдын ели бай


Қазақ тiлi (12 баллов) | 81 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Осы бір тамыры тереңде жатқан, даналық сөздің баламасы «Ел тағдыры – жер тағдыры»  деген тұжырымға саяды.Жазы жайлы, бауыры - байлыққа, өрісі – малға толған, топырағында тоқшылық тұнған, Шу өзенінің кербез керілген екі жағалауын бірдей жайлап,  сыбағалы жерінің «емшегін емген» ерен елдің қашанда еңсесі биік.«Түгін тартса майы шыққан» қасиетті жердің негізгі байлық көзі жер кадастрының пайдалы көлемінің молдығына, жердің нәрі, су көзінің жеткіліктігіне, жер асты қазба байлығына байланысты. Біздің қасиетті Шу өңірі бұл үш байлықтың ешқайсынан да кенде емес. Ауданымыздың жер асты байлығы да көп нәрсені аңғартады. «Сулы жер - нулы жер» дегендей, ауданымыз Тасөткел су қоймасындағы 620 млн.текше метр су қорының арқасында судан тапшылық көріп отырған жоқ.Жерінің кеңдігі былай тұрсын, көне заманның көмбесіне айналып, тарихтың жұмбақ сырын қойнына жасырған Жайсан өңіріндегі қоңыр салқын тау бөктерлері мен Баласағұн өңірі ұланғайыр ауданымыздың мақтанышы.Сол сияқты дәулетімізді еселейтін, жеріміздің үсті ғана емес, жер астындағы қазына байлықтары да жетерлік.  Республикалық деңгейдегі маңызы бар Шатырқұл кен орнынан мыс, алтын, күміс өндіріліп, еліміздің кен байыту комбинатына жіберілуде. Шатырқұл табыс көзі ғана емес, аудан еңбеккерлерін жұмыс орынымен де қамтып отыр. Осындай  табиғи байлықтың ортасында отырған елдің шалқып-тасымауы мүмкін емес.Еңбек пен ерліктің үлгісін көрсеткен қарапайым еңбеккерлеріміз қажырлы еңбектері мен  маңдай терінің арқасында атақ-даңққа бөленіп, ел ризығын арттыруға үлес қосты.Оған ауданымыздан шыққан 34 Социалистік Еңбек Ерлерінің жанқиярлық еңбектері куә.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Біз тойларды тарихтан тағылым алу, ұлылықтан ұлағат алу үшін өткізуіміз керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, ауданымыздың – 80, қаламыздың – 50 жылдық мерекелі мерейтойын өткізу - табыстарымызды паш ететін, аудан еңбекшілерін қуанышқа бөлейтін халық мейрамы іспетті ізгіліктің нышаны,Ынтымағы жарасқан, еңбектің туын биік ұстаған парасаты мен пайымы мол Шу өңірі ұлт пен ұлыстарды тоғыстырған достықтың шежіресіне айналған тарихи мекен.
(393 баллов)