Переведите пожалуйста!!!Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі жатқан бір теңіз емес пе?Ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді?!
Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол - Ана! Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып жабысатының, шырылдап, оянбай жылап сенің іздейтінің — ана! Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол — Ана! Ол саған бәрінен қымбат.
Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.