"Мақал - сөз атасы" деген тақырыпқа шығарма жазындар

0 голосов
138 просмотров

"Мақал - сөз атасы" деген тақырыпқа шығарма жазындар


Қазақ тiлi (398 баллов) | 138 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

   Мақал-мәтелдер-халқымыздың асыл қазынасы.Ол қазынаға ештене де тең келмес,ол біздің рухани байлығымыз.Қазақ халқы мақал-мәтелдерді өз ұрпақтарына балғын кезінен құлақтарына құяды.«Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен»деп ата-аналарымыз бізге  қаршадайымыздан айтпай ма,содан біз жақсы мен жаманды бір-бірінен ажырата бастаймыз. Сол сөзден біз халық алдында жүрген адамдардан үлгі ала бастаймыз.Көптеген мақал-мәтелді үйден естісек,мектепке барған соң сол мақал-мәтелдердің мән-жайын,сырын ұға бастаймыз.

         Мақал-мәтелдер халықтың өмір тәжірбиесінде пайда болады.Күнделікті тұрмыста,күйбен тіршілікте мақал-мәтелдер туындап,кейіннен сол сөздер халық есінде мәңгі қалады.Мақал-мәтердер-сөз жауһары.сөз өнерінің маржаны.Ел арасында мақал сөзді көп білетін,әр сөзін мақалмен түйіндей білетін адам болса,сол адамды ел сыйлап,құрметтейді.

     Мақал-мәтелдерден біз қазақ халқының тұрмыс- тіршілігі,әдет-ғұрпы туралы білеміз.Көптеген қазақ мақал-мәтелдері мал шаруалығына байланысты айтылған.Себебі қазақ халқының негізгі кәсібі-мал шаруашылығы.Мысалы «Мал жақсысы-сиыр,жер жақсысы-кебір»деген мақалда сиыр малының шаруашылыққа қолайлы,мол өнім беретінін айтса,ал

«Сиыр сипағанды білмейді»сөзінде адамдар өзіне көрсеткен көмегін қадірлей білмейтін сиыр малымен салыстырып айтады.

          Жалпы қазақ мақалдары әр түрлі тақырыптарға айтылған.Отан туралы,адам туралы,өнер-білім,жан-жануар туралы және тағы көптеген тақырыптар қазақ мақал-мәтелдерінде қамталған.Қазақ мақал-мәтелдерін тұрмыста да,ел арасында да,өнерде,ғылымда да қолдана береді.

    Қазіргі уақытта өкінішке орай мақал-мәтелдерді күнделікті тұрмыста қолдана бермейді.Себебі қазіргі ұрпақ мақал-мәтелді бағалай  білмейді.Мақал-мәтелдер біздің ата-бабаларымыздың бізге қалдырып кеткен асыл мұрасы.Мақал-мәтелдер-нағыз философиялық ойдан туындаған сөз жауһары.

Мақал-мәтелдерде біздің ерте замандардағы тұрмыс-тіршілігіміз бейнеленген .Сондықтан асыл қазынамызды бағалай білейік.

(50 баллов)