Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл
- 70 жыл! Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке –
біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбірім үшін ұмытылмастай ізін
қалдырды.Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама
ана жесір, балалар жетім қалды. мамыр
– бұл мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы. Біздің парызымыз – бұл күнді
ешқашан ұмытпай есте сақтау!Биыл Ұлы
Отан соғысының жеңісіне 70 жыл толуына орай еліміздің әрбір жерінде әртүрлі
іс-шаралар, мерекелік кештер өткізілуде. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп,
қошемет жасалуда. Әрине, олардың орасан зор еңбегін еш уақытта өтеу мүмкін
емес. Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек еліміздің ертеңі жақсы
болса екен деп тілеймін. Әрбір қазақ баласы өз Отанын анасындай сүюі қажет.
Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін. Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің,
тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін!