Биография об озере Есил ** казахском языке

0 голосов
90 просмотров

Биография об озере Есил на казахском языке


Қазақ тiлi (113 баллов) | 90 просмотров
0

пожалуйста помогите это срочно

Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Есіл  өзені — Сарыарқада  биіктігі  400 – 500 метр Ниаз  тауынан басталып  Батыс  Сібірге  жеткенде Ертіске  Құяды. Қазақстан  территориясында  Есілдің  ұзындығы  1400  километр.  Егер ұзындығы  жағынан  Дон өзенімен  қатарласса, су  шығыны  Доннан  алты  есе  кем. Есіл  өзені  Целиноград  және  Солтүстік  Қазақстан  облыстарын басып  өтеді. Өзеннің  су  жиналатын  алқабы  144  мың  шаршы  километр, ал республикамыздағы  аумағы 113  шаршы километр.  Есілге  Колутон, Терісаққан, Аққанбурлық  және  Төменгібурлық  өзендері  қосылады. Есіл  жазықтық  өзеніне жатады, сондықтан  оның  шығыны  қар,  жер  асты  суы  және  жауын – шашынмен  толығып  отырады.  Олай  болса, су  шығыны  ауа  райына  байланысты – кей  жылдары  мол, кей  жылдары өте аз  болады.  Судың  жылдық орташа шығыны  Цилиноград қаласының тұсында секундына 6,2 текше метр,  ал Петропавл  қаласының  тұсында  секундына 57,7 текше метрге дейін  барады. Сәуір  айында  Целиноград  маңында  орташа жылдық  су шығыны он  есе көбейсе,  Петропавл  тұсында 7 есеге дейін көбейеді, сол кезде  су  деңгейі  Целиноград  қаласының тұсында 2 метрден  4 метрге дейін  көтерілсе,  Петропавл  қаласының маңында  4 метрден 9 метрге дейін көтеріледі.  Есіл өзенінің бойында  Есіл, Сергиев, Осакаров   және  тағы  басқа  су  қоймалары  бар. Сергиев  су  қоймасы суды совхоз – колхоздарға  құбырлар  арқылы  жеткізеді.  Сонда  көптеген  совхоз бен колхоздарды  сумен  қамтамасыз  етіп, қосымша  40  мың  гектар жерді  суландырады..

(161 баллов)