Ең тамаша демалыс бұл ормандағы демалыс. Таза ауа, табиғат дауысы ғана естілетін тыныштық. Армандау мен ойлану үшін таптырмайтын жер. Орманда кетіп бара жатып, табиғат дыбысын естіген кезде, қай аң не құстың дыбысы екендігін тапқың келеді. Мұнда саңырауқұлақ пен жидек теруге, ағаштар мен бұтақтарды зерттеуге болады. Орманда жақсылап демалуға әрі көп нәрсені білуге болады.