- Сенің атың кім?
- Менің атым Артур.
- Сенің атаң мен әжең бар ма?
- Менің атам мен әжем бар.
- Олар немен айналысады?
- Олар қарт кісілер, үйде отырады. Тек әжем тоқыма тоқиды.
- Әкең қай жерде жұмыс істейді?
- Әкем Халық Банкінде бас менеджер болып жұмыс істейді.
- Анаң қай жерде қызмет атқарады?
- Анам балалар бақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарады.
- Сенің ағаң (қарындасың) бар ма?
- Менде ағам (қарындасым) жоқ.
- Сен қай жерде тұрасың?
- Мен Алматы қаласы, Бостандық ауданында тұрамын.