Сказка ** казахском языке алтын күміс тас екен

0 голосов
93 просмотров

Сказка на казахском языке алтын күміс тас екен


Другие предметы (24 баллов) | 93 просмотров
0

это?

Дан 1 ответ
0 голосов

Алтын, күміс тас екен...Бір таңқалатыным, орталық мұражайдағы көптеген алтын-күмістен жасалған әшекей бұйымдар мен ат әбзелдері сақ кезеңінде алтыннан жасалған. Ал өзіміз шаңырақ алып, бөлек отау тігіп қазақ ұлты болғалы басым бөлігі күмістен жасалған бұйымдар екен. Соған қарағанда, қазақ халқы үшін күміс бағалы тастардың бірі.  Қазақ халқы ертеден күмістің адам ағзасына пайдасы барына сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағынып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салып шомылдырған. Күмісті әдемілікпен қатар, медицина саласында емдік қасиеті де бар екені дәлелденіп, емдік ретінде де пайдаланып келеді. Күмістің емдік қасиеті бар екені көнеден белгілі сияқты. Мәселен, көне Үндістан, Мысыр, Ресейде елдерінде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Ал ғалымдар ХІХ ғасырдың аяғында ғана бұған арнайы мән беріп су мен күміс өзара әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталатынына көз жеткізді. Сол себепті күміс адам бойындағы зиянды заттардан тазартып отырады. Күмістің емдік қасиеті туралы мынадай қызық дерек те бар. 2500 жыл бұрын Парсының Кир патшасы жорыққа шыққанда жауынгерлері ішетін суға күміс салып қоюды арнайы тапсыратын болған. Ал бұл әдіс күміс судың бұзылмауын қамтамасыз етеді. Ескендір Зұлқарнай заманында-ақ жауынгерлер де күмістің қасиетін жақсы білсе керек-ті. Су ішетін торсықтарына күміс теңгелер салып жүретін болған. Орыс ертегісінде де құдыққа қой басындай күміс тастайтын сюжеттер кездесіп жатады. Бұл халықтың жұқпалы әртүрлі аурулардан аман қалуына көмектескен. Ал вавилондықтар мен гректер күмістің залалсыздандыратын қасиетін біліп, патшалары пайдаланатын ауызсуды күміс ыдыстарда сақтаған. Бұл ойдың дұрыстығын археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған күміс құтылар дәлелдей түседі. Ертедегі Шығыс елдеріндегі құмандар да күмістен жасалғаны бәрімізге аян. «Күміс құман-ай, отта тұрған-ай» деген әннің сөзіне мән берсек, біздің халық та күміс құманды күнделікті тұрмыста қолданғанын аңғару қиын емес.  Алдағы уақытта күмістен жасалған ұлттық зергерлік бұйымдарды тағынып жүргім келеді. Алтын деп ауыз толтырып айтпасам да біршама күміс әшекейлерім жетерлік. Мүмкін кейін тұрмыс құрған соң алтынға да қызығушылығым оянып қалар.  

(35 баллов)
0

это?

0

ну у меня в книжке не так

0

я прост не знаю казахтанский нашёл на сайте и всё