Батыр – елі үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қайтпас қайсар, әділ және тапқыр адам. Сондықтан, қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты адамға «батыр» деген құрметті атақ берілген. «Батыр» атағы ешқашан мұраға қалдырылмаған, оған адам соғыс кезінде өзінің ерекше қасиеттері мен жеке ерліктері арқылы жеткен. Міне, осындай сын сағатта елін жаудан азат етіп, жерін, ар-намысын қорғау барысында азаттық соғыстың алдыңғы шебінде қазақ батырлары ерлікпен шайқасты. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары жоңғарлардың толассыз жүргізген соғыстары, бейбіт елді шауып, адамдарын тұтқынға алуы, қырғынға ұшыратуы, қазақ халқын халқын қатты күйзелтті. Осындай ел басына қиын-қыстау күн туған заманда есімі ел арасында кең тараған тұлғалар
Қанжығалы БөгенбайӨңдеу
Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы 1680 жылы туылған. Ол әрі шешен, әрі батыр, қолбасшы және қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы азаттық күресті аса көрнекті ұйымдастырушы. 1710 жылы жоңғар шапқыншылығына қалай төтеп беру мәселелерін талқылаған Қарақұм маңында жиын болды. Осы сәтте Бөгенбай батыр халқын қалмақтарға шабуыл жасауға ұрандап, оларға ұлттық рух береді. Сөйтіп, олар бір жеңнен қол, бір жағадан бас, бір ауыздан сөз шығарып туған елі мен жерін қорғауға серт беріседі. Бөгенбай батырға риза болған халық оны бүкіл қазақ жасақтарының қолбасшысы деп жариялады. Сондай-ақ, Қытай мен қазақ елдерінің бейбіт қарым-қатынасын орнатуына зор үлес қоса білген Бөгенбай батыр 1778 жылы 81 жасында қайтыс болды.