Қарапайымдылық — менмендікке мүлдем қарама-қарсы қасиет. Қарапайым адам өзінің қабілеттері мен қасиеттерін дұрыс бағалайды, әрі мұндай адам атаққұмарлықтан аулақ. Көкірек көтеріп, менменсіп бөсудің орнына, қарапайым адам өзінің шектеулі мүмкіндігін әрқашан дұрыс бағалай біледі. Сондықтан мұндай адам өзгелерді сыйлайды, әрі олардың көңіліне қарап, көзқарасымен санасады.
3. Қай мағынада “қарапайымдарда даналық бар?”
3 “Қарапайымдарда даналық бар”,— деп Киелі кітапта бекер айтылмаған (Нақыл сөздер 11:2). Қарапайым адам — дана, өйткені ол өзін ақырында масқара ететін менмендік рухынан аулақ ұстап, Құдайға ұнамды жолмен жүреді (Нақыл сөздер 8:13; 1 Петір 5:5). Киелі кітапта қарапайым болудың даналыққа жататынын дәлелдейтін, Құдайдың қызметкерлері туралы жазылған бірқатар мысалдар бар. Бірінші абзацта келтірілген үш мысалды қарастырып көрелік.