Айтқызған - жамандықтың белгісі,
Қамшылатқан - шабандықтың белгісі.
Адам туа жаман болмайды,
Жүре жаман болады.
Адамға қылсаң жақсылық,
Жақсылық білмес кей заңғар.
Жақсылыққа жамандық жасайтын,
Дүниеде бейиман көп жандар.Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.Екі жаман ауыл болмас,
Ауыл болса қауым болмас.
Екі жақсы қосылса, айрылысуға қиыспайды,
Екі жаман қосылса, кең дүниеге сиыспайды.Жақсы арына құл, жаман малына құл.Арықпенен семіздің бауыры бірдей,
Жақсыменен жаманның жаны бірдей.