Әйел ана! Осы бір екі ауыз сөзді естігенде бойыңызға жылу тарап, анаңыздың аялы алақаны есіңізге түсетініне күмәнім жоқ. Себебі бұл сөзбен небір нәзіктік, небір шексіз махаббат байланысып жатыр емес пе?! Шіркін, ананың жаманы болмайды ғой. Барлық ананың бойынан баласын кез-келгеннен қорғайтын батырлықты, қажырлықты, сондай-ақ таусылмайтын махаббат пен мейірімділікті көруге болады. Физиологиялық тұрғыдан қарасаңыз, барлық адамның жүрегі бірдей емес пе? Алайда ананың жүрегінің кеңдігі мені таң қалдырады. Жаратушы алақандай ғана жүрегіңе сонша нәзіктікті, мейірімді, сүйіспеншілікті, шыдамдық пен сұлулықты қалай ғана сыйғызды екен?!