помогите написать сочинение ** тему Мәншүк Мәметова

0 голосов
150 просмотров

помогите написать сочинение на тему Мәншүк Мәметова


Қазақ тiлi (277 баллов) | 150 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

9 мамыр. Мәншүк Мәметова

Достар, бейбіт болашақты орнату үшін тәуекелге бел буып, майданды кешіп, қаны мен жанын сарп еткен "Шығыстың қос жұлдызының" бірі Әлия Молдағұлова туралы біраз мәлімет алған болсаңыздар, 9 мамыр - Жеңіс күнінің қарсаңында сол жұлдыздың келесі сыңары, елі үшін егескен қаһарман апамыз Мәншүк Мәметова туралы әңгімелеп берсек дейміз.

1922 жылы Орал облысы, Орда ауданында Мәметовтер отбасында Жиенғалидың Мәнсия атты қызы дүниеге келеді. Анасының еркелетуінше, ол - «Моншағым» екен. Кейіннен Мәншүк аталып кеткен ерке арудың жиырмадан астам жылдан соң, ержүрек қыз атанып, тарихта қаларын кім білген?!. Ата-анасынан ерте айрылған ару қыз жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.


Осылайша, Отанды артқа тастап, ерлермен қатарласып жүріп жаумен алысты. Әйелмін деп әлсіздік танытпады, жаспын деп соғыс жалынын жатырқамады. Бар арманы – қалайда жеңіске жету! Талай зобалаңды бастан өткерді, ерлермен бірге жер бауырлап жүріп су кешті, ну орманды артқа тастап, басын отқа да салды, суға да батырды.

1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.

«Отан үшін, әкем үшін...» деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін өрлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі... Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті. Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді. Халқы үшін ерен еңбек сіңіріп, әр кезеңде келер ұрпақтың санасынана өшпейтіндей дара жолы бар қазақтың қос қарлығаштай батыр арулары бүгінде тыныш заманның тәуелсіз төрінде ескерткіш болып қана тұр...
Екі ержүрек апаларымыздың ескерткішін көргенде, жанынан бей-жай өте алмайсың. Олардың бейнесіне қарап тұрып, сол зұлматтың ызғарын сезініп, жан түршігерлік соғысты көріп тұрғандай күй кешесің. Өзгелердікінен өзгеше жүрегі бар мәрт арулардың жүрек соғысының дүрсілін естігендей болып, қайсар қыздардың рухына тәу етіп тұрғаныңды байқайсың. Сөйтесің де, өр апалардың өжеттілігіне басыңды иіп, батырлығына тәу етесің. Ескерткіштен ұзап бара жатып, осындай тұлғалардың жанымен, бабалардың қанымен келген жеңісті күндердің баянды болғанын тілейсің. 

(59 баллов)