Бұл үйдің барлық жаны- үш-ақ әйел. Олар пештің түбіне тығылып отыр. Әйелдердің біреуі-сексеннен асқан кәрі кемпір. Кемпірдің жасы қартайып , қуаты азайғанмен , бетінде ерекше бір қайрат білінеді. Үлкен, жазық маңдайлы, қошқар тұмсықтау келген үлкен мұрынды. маңдайы мен бетіне терең әжім түскен. Бұл кемпір осы үйдің қазіргі қожасы. Ана әйелдің біреуі-келіне. Бұл екі әйелге ермек болып отырған- жас қыз. Ол- сыпайы, нәзік, жіңішке сұңғақ бойлы, азғана секпілі бар, дөңгелек ақсұр жүзді Ғазиза.
ПЕРЕВОООООД!
СРОЧНО!!!
Много баллов дам