Салмақты сөзіне мәтін құрау

0 голосов
105 просмотров

Салмақты сөзіне мәтін құрау


Қазақ тiлi (12 баллов) | 105 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Дененің салмағы. Салмақсыздық-денелердің жерге тартылу күшін ауырлык күші деп атайды.Ауырлық күшімен катар салмақ ұғымы да жиі қолданылады. «Салмақ» сөзі өздеріңе жақсы таныс. Алайда көп жағдайда ауырлық күші мен салмақты жиі шатастырады. Сонда салмақ дегеніміз не?
Тірек үстінде тұрған денені карастырайық. Денеге бұл жағдайда да ауырлық күші әрекет етеді, ал оның кұлауына тірек кедергі жасайды. Бұл кезде дене мен тірек өзара әрекеттеседі, дене өзі жатқан тіректі кысып басады. Бұл күш дененің салмағы болып табылады. Әдетте салмақты Р әрпімен белгілейді. дене жіпке, аспаға және т. б. ілініп койылса да дәл солай болады. Сонымен, дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады.

(18 баллов)