Менің жазғы демалысым керемет өтті десем болады. Өйткені мен осы демалысты отбасыммен, ата-анаммен бірге өткіздім. Біз табиғат аясына серуендеуге шықтық, орманның таза ауасымен тыныстап, бір сергіп қалдық. Ал жаздың калған бөлігін ауылда, ата-әжемнің жанында өткіздім, оларға қолымнан келген көмегімді көрсеттім. Олардың ризашылығына бөлендім. Өз отбасынның жанында болғанына не жетсін?!