Миржакып дулатов өлеңдері

0 голосов
97 просмотров

Миржакып дулатов өлеңдері


Қазақ тiлi (84 баллов) | 97 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Елім-ай
Ем таба алмай дертіңе мен ертеден, Сол бір қайғың өзегімді өртеген. Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден, Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай? Өткен сағым, келер алдың бір мұнар, Қызылшылсың қызарғанға тым құмар. Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар, Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай! Қандай едің, қара кейін қайырылып, Қандай едің, тұрсың одан айрылып. Мүгедек боп қос қанатың майрылып, Өксіп жылап өгей ұлша, елім-ай! Мұны құр бос өлең десең, өзің біл. Жұрт болмаймын өлем десең, өзің біл. He болса да көнем десең, өзің біл, Босағада жүрген құлша, елім-ай! Түзелесің қашан, жұртым, оңалып? Тіл алмасаң, кетпеймісің жоғалып? Қайтер едің өткен дәурен оралып, Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай? Сол күніңді көрсем - менің арманым, Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын. Сұм жүрегім селк етпейді жалғаның Бұл мінезің бойда тұрса,елім-ай

(432 баллов)