Ответить ** вопросы по тексту: Абайдың жасы он үшке толғанда әкесі оны оқуын толық...

0 голосов
138 просмотров

Ответить на вопросы по тексту:
Абайдың жасы он үшке толғанда әкесі оны оқуын толық аяқтатпай,асығыс ауылға алдырады.Құнекеңнің ел ішіндегі жағдайы соны талап етсе керек.Ол балаларының ішінен әзірге өзіне көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде Абайға тоқтайды."Әке-балаға сыншы" деген.
оның үстіне Құнанбай сияқты көреген,дана әке қателеспейді. Абай ә дегенде ел атқамінерлеріне әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жалуабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды. Он үш жастар балаға кемел жақсылармен келелі істерді кеңесу оңай ма?! Бірақ қазақтың салт-дәстүрінен, арғы-бергісінен жақсы хабардар, "жеті жұрттың тілін біліп", тарихымен танысқан ақылды жас тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны жайында алғаш қалам тартқан жақын туысы Кәкітай:" Он бес жаста балалық қылмай,үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты өзіне қаратып,басшылыққа бұрынғы төрелермен талас қылып,әкесіне көмегі тиген.
Жиырма жасында Абай халық ортасында маңдай басы шешен болады.Өзінің зейіні артық болған соң,ескі мақалдарды,неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін қалдырмай біліп алған",-деп жазады.
Вопросы:
1.Әкесі Абайға қандай үміт артады?
2.Ол кезде Абай қанша жаста болатын?
3.Абай қандай тапсырмаларды орындап жүрді?
4.Жақын туысы Кәкітай Абай туралы не деген?
5."Әке-балаға сыншы" дегенді қалай түсінесіңдер?


Қазақ тiлi (24 баллов) | 138 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1.Өзі секілді ел ағасы болуын қалайды.
2.13 те

(242 баллов)