помогите написать сочинение ** казахском языке ** тему казахские национальные музыкальные...

0 голосов
108 просмотров

помогите написать сочинение на казахском языке на тему казахские национальные музыкальные инструменты


Қазақ тiлi (20 баллов) | 108 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары көп, мысалы: домбыра, жетіген, қобыз, адырна, асатаяқ, дауылпаз, шертер. Аспаптардың ішінен ең кең тараған - домбыра. Домбыраны білмеген, көрмеген қазақтың ұл-қызы жоқ. Өйткені домбыра қазақтар өмірінде маңызды орын алады, күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет даңқты күйшілердің шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар – Қ. Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Б. Тілеуханов, А. Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б. Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Домбыраның репертуары орыс классикасы шығармаларымен және қазіргі заманғы музыкалық шығармаларымен де байып отыр.

(2.0k баллов)
0 голосов

Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.

(115 баллов)