Сабыр- әдептілік- инабаттылықтың рухани тірегі. Сабырлы адам басқа түскен ауыртпашылықты мәрттікпен қабыл алады да, жеңіл, ұшқалақ кісі күйіп- піседі, өзін демде отқа бір, суға бір тастайды, қайғы- мұңға салынып, ұнжырғасы онай түседі. Бейкүнә жандардың жанын жабырқатып, әдепсіздік жасайды.
Адам өмірде қандай күйде болмайды. Кейбір кезде қуанышы қойнына симай, шаттанса, тағы бірде күллі әлем көзіне қара түнек болып көрінеді. Мұндай ретте, әсіресе әлі тәжірибесіз, буыны қатпаған дастар тығырыққа тіреліп, шарасыздыққа ұшырап, торығады.
Әрине, адам үнемі бірқалапты әрі көніл қалағандай күйде ғұмыр кешпейді. Сондықтан ренішті де қуанышты, бейнетті де рақат күндер алма кезек келіп отыратынын жадында ұстап, соған орай сабырлы болу, шүкіршілік ету мәнді қасиет болып табылады.
Сабарға құранда да зор мән берілген. Онда сабырлы кіыілерді өте тамаша адамдар деп атаған. Олар бұл дүниеде де, о дүниеде де Алла тағаланың айрықша сүйішпеншілігіне ие болады деп көрсетілген.
Адам әрдайым тілек- үмітпен ғұмыр кешеді. Қандай ауыр жағдайда да адамнаң кеудесінен үміт отының өшпеуі, ең алдымен сол сабырға байланысты. Қанағат та, нысыпта сол сабырдан тірек табады. Сондықтан да, Ислам дінінде сабырды барлық үлгілі қасиеттердің қайнар бұлағына балайды.
А.С Макаренконың " Ұстамдылығы немесе сабыры жоқ адам- тежегіші жоқ машина сияқты", — деген сөзі бұл мінезді жақсы сипаттайды.
Әрдайым сіздер де сабырлы болныздар!