Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,Тұрсын алдан арайланып таң күліп,Бақыт болсын әрқашанда жолығар,Шаттығыңыз тау суындай молығар.
***Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,Жалғанда тілек бар ма одан асқан.Аман боп жанұяң мен бауырларың,Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
***Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,Бауырмал мінезің болсын!
***Көктемнің күлімдеген күні болшы,
Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,
Қуанышты, көңілді өмір сүріп,Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!