Диктант Саяхат Біз саяхатқа шығу үшін заттарымызды жинадық. Кейін әуежайға келіп, ұшаққа міндік. Ұшақ бірден жоғары көтерілді. Жер төменде қалды. Баратын жеріміз алыс. Бірақ аз уақытта ол да жақындап қалды. Төменде өте жарық қала шамдары көрінді. Аспанда бірнеше уақыт қалықтадық. Ұшақ ұшуын жайлап бәсеңдетті. Ол Оралдан Астанаға дейін онша көп ұшқан жоқ.