Менің әжем бар.Әжем мейірімді ,ақ көңіл жан.Әжем сексен жаста.Әжемнің балалары ,немерелері көп.Әжем кимешек киеді,қолына білезік,сақина тағады.Әжемнің туған күніне біз қамзол сыйладық.Әжем қуанып қалды.Мен әжемді жақсы көремін,Бос уақытымда мен әжемнің үйіне барамын.Әжем қуана қарсы алады.Әжемнің үйіне барғанда мен үйін жинаймын ,ыдыс аяғын жуамын.Әжем маған үлкенді сыйлау ,ата-ананы құрметтеуге байланысты ақыл -кеңестерін айтып береді.Мен әжемді сыйлаймын.Осындай әжемнің бар болғаны үшін өзімді бақытты бала деп санаймын..Әлемдегі барлық балаларға менің асыл әжем сияқты қамқоршысы ,ақылшысы болса екен деп тілеймін.