Онерли орге жузеди шыгарма

0 голосов
274 просмотров

Онерли орге жузеди шыгарма


Қазақ тiлi (12 баллов) | 274 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Біздің сынып тағы Айжан мектептегі барлық шараларда «Біз бақытты балалар» әнімен танымал болса, Анель бишілік өнерімен Республика көлеміндегі сайыстарға қатысып, өзінің сүйікті билерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Айгерім де екі жылдан бері мектептегі «Эстрада жұлдыздары» үйірмесіне қатысып, мектепішілік концерттерде ән айтса, Мадина «Жас толқын» би үйірмесінің белсенді мүшесі. Қолөнерге қызығатын оқушыларымыз да аз емес. Бұлар біздің сыныптың мақтаныштары. Мен өз сыныптастарыммен мақтанамын. Олардың келешекте елімізге қызмет ететін азамат болатынына сенімім мол. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған болар.

(319 баллов)