Муз айдыны туралы ангиме

0 голосов
115 просмотров

Муз айдыны туралы ангиме


Қазақ тiлi (14 баллов) | 115 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Мен кеше муз айдынына бардым.Онда тое жаксы,Бирак суык

(18 баллов)
0 голосов

Медеу – Іле Алатауы баурайында теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан ірі спорттық кешен.
Медеу кешенінің құрылысы 1949 жылдың күз айында басталған, алғашқы ресми ойындар 1951 жылдың 4 ақпанында өтті. Стадионға жасанды мұз тек 1972 жылы ғана төселді.
Медеу – қысқы спорттық ойындарға арналған мұз айдыны, жасанды мұз алаңының аумағы 10,5 мың ш.м., айдындағы мұз жабындысының қалыңдығы 2,3 метрді құрайды. Тау бөктеріндегі жайлы климат, күн радиациясының қолайлы деңгейі, төмен ауа қысымы және таза тау суы мұздың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Бұл жерде 120 аса әлемдік рекордтар жасалды.
ҮІІ Қысқы Азия ойындарын өткізу қарсаңында мұз айдыны қайта жөндеуден өтті. Спорттық ойындардың нәтижелерін көрсетуге, телевизиялық бағдарламаларды, тақырыптық және жарнамалық роликтерді трансляциялауға мүмкіндік беретін, алаңы 200 м2 жаңа мультимедиялық тақта орнатылды. Қайта жөндеуден кейін мінбелердегі отырғыштардың саны артып, 7200-ден 8500-ге жетті. Жаңадан орнатылған қазіргі заманғы тоңазытқыш құрылғылары мұзды 1 қазаннан 1 сәуірге дейін ұстап тұрады. Бір мезгілде мұз айдынына 2 мыңнан 3 мыңға дейін адам сыйады.
Демалыс күндері конькимен сырғанау көптеген жылдар бойы тек тұрғындар емес, қала қонақтары үшін де жақсы дәстүрге айналған.
(146 баллов)