Пожалуйста переведите этот диалог:
жігіт: Ассалаумағалейкум, ата
Қарт: Аманбысың, балам? Бақытты болу оңай ма?
Жігіт: Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында
Қарт: Жоқ, балам! Ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең, ақылдылықты үрен, не ақылды қызға үйлен
Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз
Қарт: Балам, үйде кім, елде кім қадырлы
жігіт: үйде ана, елде бастық қадірлі
Қарт: жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. қонақты қадірлеуді бәрі біледі. "Бала - үйдін патшасы", "Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар" деген халқым. Балам, отбасының алтын казыған білесің бе?
Жігіт: білемін, ата. үйде алтын қазық - ер бала. себебі, ер бала - шаңырақтың иесі
Қарт: Айтқының дұрыс қой, бірақ үйдегі алтын қазық қай уақытта да ана. Ана мейірімді болса, отбасында жылылық болады. "Анаға қарап қыз өседі, әкеге қарап ұл өседі" деген бар
Жігіт: Ой, қандай керемет сөздер!
Қарт: Балам, достықты нығайтатын не?
Жігіт: Ата, достық пен жлдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтатын
Қарт: Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіде болсын, шын достық ақылдағы тән. Өмірінде дос болуды олайсаң, " Сәлеметсіз бе!", "Кешіріңіз", " Рақмет", "Сау болыңыз", "Сәлем айтыңыз", "Рұқсат па?" деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.
Жігіт: Рақмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!