Елин суйген Елбасы шыгарма

0 голосов
164 просмотров

Елин суйген Елбасы шыгарма


Қазақ тiлi (16 баллов) | 164 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Күнтізбелік мерекелер бойынша биыл біз елімізде Тұңғыш Президент күнін алғаш рет мерекелеп отырмыз. Өткен 2011 жылы Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында депутаттар 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде мемлекеттік мерекелер санатына қосу туралы бастама көтерді. Депутаттар өз ұсыныстарының мәнін Тұңғыш Президенттің дәл сол 1 желтоқсанда сайланып, Қазақстан Республикасында президенттік институтқа қадам дәл осы күні басылғанымен түсіндірген еді. Осылайша «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға тиісті қосымша енгізіліп, 1 желтоқсан ресми негізде Тұңғыш Президент күні болып белгіленсе, жалпы мұның әлемде бар үрдіс болып табылатынын айрықша атап көрсеткен орынды. Дәл осы уақытта 2012 жылдың 1 желтоқсаны елімізде алғаш рет Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтілуде. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, оның бірлігін қамтамасыз етуші, ел Конституциясын, адам мен азаматтың құқы мен бостандығын қорғаушы ретіндегі рөлі негіз етіп алынған. Шын мәнінде, Елбасының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Іргелі идеялар нақты жобаларға айналып, «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы, бәсекеге қабілетті Қазақстан, интеллектуалдық ұлт, «Мәдени мұра», индустриялық-инновациялық даму ел болашағын айқындады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ислам Конференциясы Ұйымына Қазақстанның төрағалығымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өлшеусіз еңбегі дәйектелді. Халықаралық саяси аренаға осындай көрсеткіштермен шыққан дамушы елдер қысқа уақытта мұндай саяси табыстарға жеткен емес. Тарихтан сабақ ала отырып, тереңіне үңілген болжаудың, дағдарысқа душар болған қоғамды алға жетелеудің, өркендеуге апаратын жолдар мен іс-әрекет жүйесін табудың күрделілігі мен өзектілігін көрсеткен Елбасының салиқалы саясаты Қазақстанды гүлденудің жолына салып берді.

(2.2k баллов)