Ізетті келін
Сәуле күйеуінің шаңырағына келін болып, түскелі барлық қайын жұртын сыйлап, сыйлы келін атанды. қайынсіңлілеріне шырайлым, еркежан, бикеш деп ат қойды. Ал қайынінілеріне шырақ, мырза жігіт, төре жігіт деп ат қойды. Сәулеге ата-енесі де риза болды.