30 қаңтар 2014 Абай атындағы әмбебап кітапханада «Менің сүйікті кітабым» атты ойталқы өтті.
Білім алудың басты құралы -кітап. Кітап адамның жүрегін, санасын, ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді. Бүгінгі таңда теледидар, компьютер, интернет үлкен рольге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы болса да шындық. Студент жастарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу, кітапханаға оқырман тарту мақсатында «Менің сүйікті кітабым» атты ойталқы өтті. Шараға қатысушылар оқыған әдеби кітаптары туралы өз пікірлерін ортаға сала отырып, біршама сұрақтар төңірегінде пікір алысты.