Реферат про г. Актау

0 голосов
47 просмотров

Реферат про г. Актау


Қазақ тiлi (14 баллов) | 47 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

ГеографиясыӨңдеу

Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгіліҚарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.

Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа менАзияның шекарасы Мұғалжарданбасталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаныңшекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін.

2010 жылдың сәуір-мамыр айларындаОрыс географиялық қоғамыныңэкспедициясы Еуропа шекарасынМұғалжар арқылы, одан Каспий маңы ойпаты (Шығыс Еуропалық жазығы бітіп,Үстірт үстіртінің батыс бөлігі өтетін жер) арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда Еуропа шекарасы қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай ығысады. Қазіргі кезде Орыс географиялық қоғамының ғалымдар тобының пікірі Халықаралық географиялық одақтың қолдауына ие болмады. Демек, егер Халықаралық географиялық одақ Орыс географиялық қоғамының қорытындысын қолдаса,Маңғыстау облысының бір бөлігі Еуропадаорналасқан болып шығады.

(176 баллов)