люди помогите написать сочинение ** тему защита природы.** казахском языке

0 голосов
64 просмотров

люди помогите написать сочинение на тему защита природы.На казахском языке


Қазақ тiлi (12 баллов) | 64 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Бiздiң елiмiздегi ормандар жүйесi негiзiнен, солтүстiк және шығыс аймақтарында шоғырланған орманның бiрнеше типтерi бар. Олар - сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша жылдан жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. текше километр жерiн өсiмдiктер мен орман алып жатыр. Республикада ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негiзгi себептерi – адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруi мен айнала қоршаған ортаның ластануы. Орманды қорғау бiздiң мiндетiмiз.

Орманның адам мен биосфера үшiн маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсiмдiк жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуiне ықпал етедi. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдердi қоректендiредi. Орман аң мен құстың мекенi, дәрi дәрмектiң өсiмдiктер мен жемiс-жидектердiң панасы әр қолайлы тiршiлiк ортасы болып табылады.біз табиғатты сақтаумыз керек!!!!!!!!!!!!!

(372 баллов)