Тусау кесу такырыбына ангиме курау

0 голосов
129 просмотров

Тусау кесу такырыбына ангиме курау


Қазақ тiлi (15 баллов) | 129 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Тұсау кесу - қазақтың ұлттық салты, атадан балаға беріліп келе жатқан дәстүр. Тұсау кесу мерекесі шамамен баланың бір жасқа толған кезінде жасалады. Оның аяғы тез қатайсын, тез жүріп кетсін деген ниетпен, баланың аяғына жіп оратылып, кесіледі. Бұл ырымнан соң бала тез жүріп кетеді деген сенім бар. Алайда, тұсауды кез-келген адам кесе бермейді. Оны тек көпті көрген, білгені мол және жасы үлкен адамдарға кестіртеді.  Тұсау кесу рәсімі кезінде баланың алдына домбыра, ақша, автокөлік кілті сынды заттар қойылады. Баланың таңдауына байланысты, ертеңгі күні қандай маман иесі болатынын білуге болады дейді халық арасында. Мысалы, домбыра таңдалатын болса, өнерлі болады және ақша таңдайтын болса, ақшалы болады. Тұсау кесу барысында "Тәй-тәй" әні шырқалып, барлық қонақтар балаға өзінің жылы лебізін білдіреді. 

(2.3k баллов)