Помогите написать изложение по тексту ниже, я в казахском ноль.. Бір адам он жасар...

0 голосов
147 просмотров

Помогите написать изложение по тексту ниже, я в казахском ноль.. Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: — Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші үсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі кайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяндап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рети іліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты: — Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндін, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мүнан былай есінде болсын: аз жұмысты киынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді..


Қазақ тiлi (18 баллов) | 147 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

то что ты написал, это и есть изложение! изложение-это письменный перессказ! почитай текст и постарайся его запомнить! удачи! 

(101 баллов)