Пожалуйста помогите! Нужно составить сочинениеөизложение по поучительному рассказу Ибрая...

0 голосов
76 просмотров

Пожалуйста помогите! Нужно составить сочинениеөизложение по поучительному рассказу Ибрая Алтынсарина "әке мен бала" ОЧЕНЬ СРОЧНО!!!!


Қазақ тiлi (24 баллов) | 76 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Әке мен бала      Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: - Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп. Бала әкесіне: -Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: -Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең көптен де құры боласың деді.

(24 баллов)