Аға жөнеледі... Отыз қыздың көзі менің де жүрегімді өртеп жібергендей болды. Оқ тиген самолеттей теңселіп, теп-тегіс еденде жаңа жыртылған тақтаның үстінен келе жатқандай сүріне аяңдап, бос орын іздеп, аудиторияның ең түкпіріндегі бос партаға қарай беттедім. II Ең артқы партаға келіп, еңкейіп, оның кітап қоятын қуысына әскери сумкамды, қоқайма фуражкамды сүңгітіп, енді отыра бергенімде дәл қасымнан дүр етіп бір топ көгершін кө-терілген іспеттеніп кетті. Олардың лапыл қаққан женіл қанаттарының жақыннан шыққан лебін де естіген сияқтандым. «Мұ