Помогите ответить ** вопросы из этого текста ..... 1)әбілхан қастеев қашан және қай жерде...

0 голосов
149 просмотров

Помогите ответить на вопросы из этого текста .....
1)әбілхан қастеев қашан және қай жерде дүниеге келген?
2)суретші қайда білім алды ?
3) Ә.Қастеев алғаш рет Мәскеуге қашан барды?
4) Ол нелерге қатысты?
5) Ә.Қастеев нешінші жылдары Мәскеудегі көркемсурет студиясынан сабақ алды?
6)КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қашан қабылданды?
7) Халық суретшісі қандай атақтарға ие болды?

пожалуйстааааааа

Әбілхан Қастеев (1904-1973) – Қазақстан Республикасының халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алғашқы қазақ суретшілерінің бірі Әбілхан Қастеев өзінің талантымен Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылысқа айналды. Оның есімі ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге өмірі мен дарынын өз халқына толықтай арнап, шексіз беріле еңбек еткен Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ш.Айманов, Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев сынды атақты қайраткерлерімізбен қатар тұр.

Әбілхан Қастеев 1904 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған (қазіргі Алматы облысы) облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында кедей малшының отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол байдың жалшысы болады. Жаркент қаласында, кейіннен Түрксіб теміржол құрылысында жұмыс істейді. Ол сол кездің өзінде үнемі сурет салып, өзінің дарыны мен шеберлігінің арқасында айналасындағыларды таңғалдырады. 1929 жылы тағдыр оны Алматыға алып келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады.

Ә.Қастеев 1930жылы алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді. 1934 жылы ол Алматыдағы көркемөнерпаздар слетіне, Абай портретін жазудан және оның шығармаларына иллюстрациялар жасаудан республикалық жарысқа, Мәскеудегі Мемлекеттік Шығыс халықтары мұражайындағы Қазақстан суретшілері туындыларының бірінші көрмесіне қатысады. Осы уақыттан бастап Әбілхан Қастеев халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және қалалық көрмелерге тұрақты түрде қатысып отырады.

1934-1936 жылдары Әбілхан Қастеев Мәскеуде тұрып, Н.К.Крупская атындағы кешкі халық шығармашылығы көркемсурет студиясынан сабақ алады. 1937 ж. КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қабылданады. 1930-1940 жылдар аралығында суретші «өткен өмірге» деген ойлары бейнеленген «Ескі және жаңа тұрмыс» атты үлкен акварельдік топтама жұмысын жазады. 1942 ж. Алматыда суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді. Осы жылы суретшіге Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі. 1944 жылы ол Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.


Қазақ тiлi | 149 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

1 Әбілхан Кастеев 194 жылы 1 қаңтарда Талдықорғанда дүниеге келге
2 Суретші 1929 жылы Алматы облысында  Н,Г,Хлудовтың көркемсурет студиасында дүниеге келген 
3 Әбілхан Кастеев 1930 жылы алғаш рет Мәскеуге барды 
Ә.Қастеев 1930жылы алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді. 
5 ол 1934 жылы Алматы қаласында өткен көркемөнерпаздар слетіне қатысады
6 1937 жылы
7 Қаақ КСР Халық суретшісі атағын алды  

(303 баллов)