Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 19 жыл толғалы отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат, өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан магниткасында шындалған. «Қанат ұшса қатаяды», - деген осы болар. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген – осы. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы оны тек өзінің жетістігі деп есептемей. «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. Ата-бабаларымыз Батыр халық аттың жалында, найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақтық демі біткенше, елін дұшпанға таптатпай, Алтайдан Дунайға, Сібірден Шығысқа дейінгі ұлан-ғайыр даланы небір сұрапыл соғыстардан, замана зұлматтарынан аман алып қалып отырған. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдардың тар жол, тайғақ кешуінде де тәуелсіздік туын құлатқан жоқ. Ата-баба ның сол тізгінің Елбасының Нұрсұлтан Әбішұлыда атамыз мықтап ұстаған. Олай деуімізде де себеп бар. өйткені, Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Елдің ата заңы Конституциясы мен рәміздері өмірге келді. Тәуелсіз Отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, Семей атом полигонының жабылуы – бәрі де Елбасына тікелей араласуымен болған. Ел ордасы болып Астана бой көтерді.