Ырыс алды ынтымақ тақырыбына шығарма керек

0 голосов
441 просмотров

Ырыс алды ынтымақ тақырыбына шығарма керек


Қазақ тiлi (101 баллов) | 441 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

«Ырыс алды – ынтымақ» деген қағиданы басты назарда ұстаған қазақ халқы ел арасындағы ынтымақ-бірлікті, татулықты ерекше бағалаған. «Ынтымақты ел озады, ынтымақсыз ел тозады» деп, әлеумет арасында бірліктің сақталуына басымдық берген. Сондықтан қоғамдағы ынтымақты күшейтетін іс-шараларға қатты көңіл бөлген. Бір-бірінің жетпей жатқан жерлерін жалғап, қолынан келгенше жәрдем көрсетуге тырысқан. Сөйтіп, ұлы Абайдың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ұлағатын іс жүзіне асырған. Қазақ қоғамындағы ынтымақтың көрінісін біз жәрдем шараларында көреміз. Енді соларға тоқталып өтейік. Олардың кейбірі қазіргі күнге дейін сақталған.Мысалы, бұрынғы қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып кеңінен тараған. Онда қарызға, шығынға батқан, одан шығатын жағдайы болмаған жақын-жұрағатқа ағайындары, ауылдастары көмектесетін. Бұл жәрдем ағайындардың мәслихат-кеңесінен кейін жасалады. Жұртшылық салты Алаш жұртының ауызбірлігінің, бір-біріне жанашырлығының айқын дәлелі.

(33 баллов)