Мінездеме Қарашаш сұлуға

0 голосов
126 просмотров

Мінездеме
Қарашаш сұлуға


Қазақ тiлi (20 баллов) | 126 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қарашаш сұлу- Жиренше шешенге байланысты аңыз-әңгімелердің кейіпкері, Жиренше шешеннің әйелі. Шығармаларда тапқырлығымен, даналығымен көзге түседі. 
Аңыз: Қарашаш сұлу Жиреншеге тұрмысқа шығады. Бірде Жиреншенің үйіне қонаққа келген хан, Қарашаштай сұлуды көріп тамсанып мынадай ойға қалады:" Мынадай сұлу әйел тек ханда болу керке, бұл Қарашаш мына жарлы Жиреншемен бақытты болмайды, мен оған барлық жағдайды жасаймын, қалайда осы Қарашашты өзіме әйел етіп аламын"-деп өзіне сөз береді. Сөйтіп хан Жиреншеден құтылудың амалын іздей бастайды. Хан уәзірлерімен келісіп Жиреншенің алдына" 40 қошқар салып осыны буаз қылып алып кел",- дейді, 5 ай көлемінде уақыт береді. Бұған налыған Жиренше Қарашаш сұлудан ақыл сұрайды. Ал Қарашаш сұлу: "40 қошқарды сойып жеп жата бер хан келгенде жауабын өзім айтам",- деп жауап береді. Жиренше өзінің әйелінің айтқанына құлақ асып 40 қошқарды шетінен сойып жеп жата береді. Хан айтқан 5 ай өтеді, хан жиреншенің жанды жерінен ұстагандай өзіне, уәзірлеріне риза болады. Күткен Жиренше келмейді. 3 ай артығымен күткен хан Жиреншеге ашуланып оның отауына барады. Барғанда алдынан Қарашаш шығып: " Ойбай, Ханеке, Жиренше жас босанайын деп жатыр",- деп даурығады. Сонда хан: " Еркек адам босанушы ма еді"- деп сасқалақтайды. Осы кезде Қарашаш ханға қарап тұрып "Ханеке еркек қойды буаз қыл дегеніңіз не сасқаныңыз " деп жауып берген екен. Өзіңнің сөзден ұтылғанын сезген хан артына қайрылмастан қайтып кетіпті. 
Осы аңызда Қарашаштың тапқырлығын, ақылдылығын, өз еріне ақылшы екендігін көруге болады. Қарашаш - қазақ даласы аруы әдемілігінің символының бірі

(114 баллов)