Перевод на русский
Кобыз
Тыңдаңызшы......Бұл - ғасыр бойы дала қазағының қуанышы мен мұңын шерткен қобыз үні!
Қобыз үнінде қызғалдақ гүлі жайқалып құлпырған көктемгі дала тынысы бар. Даладығы қоңыр салқын жібек желдің сыбдыры бар. Одан елін, жерін қорғап, батыр атанған ұлдарының ерлігін жырлайтын үн естіледі.
Аңыз бойынша қобызды жасаған Қорқыт ата дейді. Ол: "Өмірде не мәңгілік?" - деп, көп ойланады. Байқаса, адамның, жануардың, өсімдіктің өмірі қысқа. Содан мұңайып отырып, көп ойланып, толғанып, ішекті қобыз жасап, күй шығарады. Сол күй өлмей, біздің дәуірге жетеді. Бұл аңыздан шығатын тұжырым: өнер - мәңгілік. Өнер атадан балаға, ғасырдан ғасырға өшпес мұра болып сақталып, жалғасып отырады. Сөйтіп өнер халықтың рухани қазынасына айналады